
Фото: Almaty-akshamy.kz
Оқу үдерісі негізінен француз тілінде жүргізіледі. Тіл білмейтін үміткерлер үшін Рабат қаласындағы Халықаралық тілдер орталығында арнайы дайындық курстары қарастырылған.
Стипендияға Мароккода тұратын шетел азаматтары, сол елдің жоғары оқу орындарының түлектері және елшіліктердің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үміткер бола алмайды.
Бакалавриатқа түсу талаптары:
- 2024 жылы берілген орта білім аттестаты;
- Бағалар «өте жақсы», «жақсы» немесе «қанағаттанарлық» деңгейде;
- Жасы – 19–23 аралығында.
Магистратура мен докторантураға:
- Магистратура – жоғары білім дипломы, орташа балы «жақсыдан» төмен болмауы тиіс;
- Докторантура – магистр дипломы немесе соған тең дәрежелі білімі болуы қажет.
Айта кетейік, құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі — 2025 жылғы 31 шілде. Өтініштер www.marocalumni.ma сайтында қабылданады, сондай-ақ Қазақстанның Мароккодағы Елшілігіне электронды пошта арқылы жолдануы қажет: kazembmar@gmail.com.
Құжаттар тізімі:
- Үлгерім кестесі;
- Туу туралы куәлік;
- Азаматтық пен соттылығы туралы анықтамалар;
- Медициналық қорытынды;
- Төлқұжат (болған жағдайда);
- Білім туралы құжаттар мен аудармалары (француз тіліне).
Грант ай сайынғы стипендия (750 дирхам), медициналық сақтандыру және тұру мен тамақтануға өтемақы (өтінім негізінде) шығындарын қамтиды.
Бағдарламаға қатысты толық ақпарат www.amci.ma және www.enssup.gov.ma сайттарында қолжетімді.