
26 маусым күні «Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес» күніне орай Алматы қаласы Наурызбай ауданы аумағындағы №157 жалпы білім беретін мектепте Наурызбай ауданының демалыс орталықтары арасында «Бес қару» атты әскери-патриоттық сайыс өтті. Сайысқа 14–16 жас аралығындағы балалардан құралған командалар қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, әскери-қолданбалы дағдыларды дамыту және шұғыл жағдайда әрекет ету қабілеттерін шыңдау болды.
Сайыс барысында қатысушылар келесі бағыттар бойынша бақ сынады:
- автомат (макет) шашып-жинау;
- автомат оқтарын жинау;
- алғашқы медициналық көмек көрсету;
- газтұмылдырық киіп жүгіру;
- түрлі кедергілер жолағынан өту;
- турникке тартылу.
Сайыс нәтижесінде:
1-орынды – «БізЖібек» командасы;
2-орынды – «Асар арлан» командасы;
3-орынды – «Бәйтерек» командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль, кубок, статуэтка және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл іс-шара жасөспірімдердің физикалық дайындығын арттырып қана қоймай, оларды ұйымшылдыққа, тәртіпке, батылдық пен жауапкершілікке баулыды. Осындай әскери-патриоттық сайыстар жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық борыш сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.