
Басқосуда ортақ туристік бағыттар, «Түркі Жібек жолы» сынды маңызды жобалар да қаралды. Тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, тарихи құжат – «Анкара декларациясын» қабылдады. Ортақ музей картасын жасау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.
Келісілген шешімдер негізінде Анкара қаласы 2026 жылы Түркі дүниесінің туристік астанасы болып жарияланды.
Мамандардың айтуынша, «Түркі музей картасы» туристердің тарихи-мәдени ескерткіштерге қолжетімділігін жеңілдетіп қана қоймай, бауырлас халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтады. Сонымен қатар, бұл бастама туризмнің табысын еселеп, экономикалық ықпалдастықтың да артуына жол ашады.