Төтенше жағдай • 13 Шілде, 2025

Алматыдан 670 шақырым қашықтықта жер сілкінді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 шілде күні Астана уақыты бойынша 20 сағат 16 минутта жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдан 670 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 670 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.

Бұл туралы ҚР ТЖМ СБЗҰҒО ЖШС хабарлады.

Еске салайық, 7 шілде күні Астана уақытымен таңғы сағат 8:33-те Алматыда жер сілкінісі сезілді.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан.