КӨКШЕТАУ. 19 наурыз. Ақмола өңіріндегі өзендерде көктемгі жауын-шашынға байланысты судың арнадан асып, жайылуы мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Көктемгі су тасқынына байланысты облыста арнайы штабтар құрылып, белгіленген іс-шаралар жоспардағы кестеге сай атқарылуда. Облыстық штаб тасқын судың болжамдық көлемі, су қоймалары мен гидрожүйелердің нақты жағдайы туралы мәлімет банкін қалыптастырып, апатты жағдайға қарсы қимылдар кешенін, тұрғындарды жедел ақпараттандыру мәселесін бақылауда ұстап отыр.
Қазіргі таңда төтенше жағдайлар департаменті атқарылған істерге тұрақты мониторинг жасап, елді-мекендерді қардан тазарту, суағарлардың, техникалардың дайындығын бақылауда ұстауда. Арнайы жаттығулар да дүркін-дүркін өткізілуде. Атқарушы органдар мен коммуналдық қызмет, ауыл шаруашылығы құрылымдары арасында меморандумдар мен келісім шарттар түзілген. Қолдағы деректер бойынша, елді мекендерден 515 мың текше метр қар тазартылды. Сондай-ақ, метр арықтар мен 7 900 метр ағын сулар жүйесі қалыпқа келтірілді. Депратамент қазірдің өзінде 678 дана инженерлік, 160 дана су тартқыш техника мен 136 жүзу құралдарының іске кіріскендігі туралы ақпар таратты. Бұған қоса, 20,9 тонна инертті заттар, жеті мыңнан астам қап дайындалып, 225,7 тонна жанар-жағар май қорланды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 1 628 адам мен 406 дана техника жұмылдырылатын болады. Бұл орайда ІІМ, ТЖМ, «Медициналық құтқару орталығы» ММ және «Қазавиақұтқару» АҚ құрылымдарының үлкен күші көмекке келетіндігін атап өту лазым.
Су тасқынына қарсы күрес бір мезеттік немесе науқандық сипат алмайтынын еске салғымыз келеді. Бұған дейін мамандар 89 гидроқұрылымды инспекциялық тексерістен өткізді. Оның қорытындысымен Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Жарқайың және Шортанды аудандарындағы 26 нысанның жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігі анықталған. Осыған байланысты, әсіресе, кез-келген сәтте сыр беруі мүмкін 15 бөгет нығайтылды. Облыс әкімі тарапынан басқа да нысандарға қатысты қаржыландыру көздері айқындалып жатыр.
Бақберген Амалбек.
Дерек: egemen.kz.
Сурет Ермұрат Досымов.
• 19 Наурыз, 2015
Ақмола облысында су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Партия • Бүгін, 12:29
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Сұхбат • Бүгін, 12:15
Пікір • Бүгін, 12:00
Руханият • Бүгін, 11:50
Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды
Әскер • Бүгін, 11:15
АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды
Әлем • Бүгін, 10:39
Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді
Алматы • Бүгін, 10:06
18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды
Заң • Бүгін, 09:55
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Венецияда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды
Мәдениет • Бүгін, 09:00
Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 08:30