
Фото: Piotr Piatrouski / Shutterstock / FOTODOM
Ернар Садырбаев – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Pop, pop-classic, latino және R&B бағыттарында орындайтын әнші халықаралық фестивальдер мен байқаулардың жеңімпазы.
2018 жылы Ернар Садырбаев Витебск қаласында өткен «Славян базары» фестивалінде бірінші орын иеленген.
Әншінің тағы бір жеңісі – ресейлік «Голос» жобасына қатысуы. Бұл шоуда ол Дима Биланның командасына қосылып, финалға дейін жеткен.