Медицина • Кеше

МӘМС жүйесіне қандай өзгерістер енгізілді

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

МӘМС жүйесіне қандай өзгерістер енгізілді

Фото: baq.kz

Заңдағы өзгеріске сай қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін жарналар базасының жоғарғы шегі арттырылады. 

МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды есептеу үшін базаның жоғарғы шегін арттыру ұсынылады.  

Енді жұмыс берушілер жарналарды 40 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) аспайтын сомадан, ал қызметкерлер - 20 ЕТЖ-ға дейінгі сомадан аударатын болады.

Бұл шешім бизнес пен азаматтарға жүктемені азайтуға, сақтандыру моделінің тұрақтылығы мен қаржылық тұрақтылығын сақтауға, салық салынатын базаның жаңа шегін жүргізуге мүмкіндік береді. 

Жаңа өзгеріс жүйенің әділдігін арттырады. Қазір табысы жоғары адамдар пропорционалды түрде аз төлейді.

 МӘМС қаржылық тұрақтылығын нығайтып, 2026 жылы қосымша 200 млрд теңгені қамтамасыз етеді.

 

Бұл шара қанша қазақстандыққа әсер етеді?

МӘМС жарналары табысы 3 млн 400 мың теңгеден асатын 20 мың қызметкер үшін ғана ұлғаяды. Бұл елдегі барлық жалдамалы жұмысшылардың 0,36%-ын құрайды.

Жалпы, бұл норма 850 мың теңгеден астам табысы бар жалдамалы қызметкерлердің 9%-ына әсер етеді. Жұмысшылардың 91%-ы үшін ештеңе өзгермейді.

Қазір орташа жалақысы 300 мың теңге болатын қызметкерлер МӘМС жарнасын 6 мың теңге немесе табыстың 2% деңгейінде төлейді.

Орташа жалақыдан 5 есе жоғары 1,5 млн теңге кіріс кезінде 10 ЕТЖ (850 мың теңге) жоғарғы шегі іске қосылады, сондықтан жарна 17 мың теңгеден немесе табыстың 1,1%-ынан аспайды.

Орташа жалақыдан 10 есе жоғары 3 млн теңгедегі табыстан МӘМС жарнасы 17 мың теңгеге немесе табыстың 0,6%-на тең болып қалады.

Өзгерістерден кейін 2026 жылдан бастап ЕТЖ мөлшерін ескере отырып, МӘМС-ке жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілердің жарналары мен аударымдарын есептеу үшін соманың жоғарғы шегі:

 Қызметкерлер үшін-1,7 млн теңге және ең жоғары аударымдар айына 34 мың теңгені құрайды; 

 Жұмыс берушілер үшін - 3,4 млн теңге және ең жоғары аударымдар айына 102 мың теңгені құрайды. 

Жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін жарна мөлшерлемесі өзгермейді. МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды есептеу үшін кірістердің жоғарғы шегі ғана көтеріледі.

Мысалы, қазіргі уақытта МӘМС жарналарын төлеу кезінде 850 000 теңгеден жоғары жалақы алатын адамдарда табысқа пропорционалды арақатынастағы жүктеме төмен болады. Мысалы, 150 000 теңге мөлшерінде жалақы алатын ауруханадағы санитар дәрігер табысқа пропорционалды түрде МӘМС-ке 2% төлейді.

Сонымен қатар, 3, 4 млн теңге алатын адам табысқа пропорционалды қатынаста МӘМС-ке 0,5% төлейді. Бұл жағдайда әлеуметтік теңдік пен әділеттілік қағидатын сақтау туралы айту мүмкін емес.

Мемлекет жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру

Бүгінгі таңда халықтың жеңілдетілген санаттары үшін мемлекеттің МӘМС жарналары 2%-ды құрайды. Словакияда мөлшерлеме - 14%, Литвада - 9%, Чехияда - 14,5%.

 2027 жылдан бастап мемлекет жарналарын 2037 жылға қарай 2%-дан 4,7%-ға дейін кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Бұлж ұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін жарналарды ұлғайтпауға, ұзақ мерзімді перспективада медициналық көмекті қаржыландырудың тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

«Біз МӘМС жүйесін барлық қатысушы үшін нақты, әділ және түсінікті ережелермен қалыптастырамыз. Бұл жүйенің негізгі бенефициары - пациент. Біздің міндетіміз - оған уақтылы, сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету», делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.