Қоғам • Бүгін, 18:12

Конституция күніне орай қазақстандықтар 1 қыркүйекте демалады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтар биыл Конституция күніне орай қосымша бір күн демалады. 30 тамыз – Конституция күні сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 2025 жылғы 1 қыркүйек, дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конституция күніне орай қазақстандықтар 1 қыркүйекте демалады

Фото: Ашық дереккөз

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке күні демалыс күнге түссе, келесі жұмыс күні ресми демалыс күні болып белгіленеді.

Осылайша, қазақстандықтар 2025 жылы Конституция күнін үш күндік демалыспен атап өтеді: 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі), сондай-ақ 1 қыркүйек – дүйсенбі.