Қоғам • 15 Шілде, 2025

Қазақстандағы ерлердің үштен бірі темекі тартады - статистика

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы қаңтарда ересек тұрғындардың темекі тұтынуы туралы кезекті жыл сайынғы зерттеуін жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы ерлердің үштен бірі темекі тартады - статистика

Сауалнама республиканың барлық өңірі мен үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкентте өткізіліп, оған 15 жастан асқан 12 000 үй шаруашылығының бір мүшесі қатысты.

Нәтижелері:

  • Халықтың 17,5%-ы темекі шегеді (2024 жылы – 20,7%);
  • Ауылдық жерлерде – 19,1%, қалаларда – 16,7%;
  • Темекі тартушылардың 93,8%-ы өнеркәсіптік дайын өнімді пайдаланады;
  • Ер адамдар арасында темекі шегу көрсеткіші – 34%, әйелдер арасында – 5%.

Ұлттық статистика бюросы бұл зерттеуді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) GATS халықаралық әдістемесі негізінде 2020 жылдан бері тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған қазына

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10

Ажалдан құтқарған ара

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:05

Қарашадағы қара өлең

Руханият • Бүгін, 09:00

Студенттік театрлар сайысы

Байқау • Бүгін, 08:55

Қысқа дайындық қалай?

Қоғам • Бүгін, 08:50

Өрт сөндіру бөлімі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:48