Аймақтар • Кеше

Алакөлде патрульдеу кезінде екі адам құтқарылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алакөл демалыс аймағында демалып жүрген екі адам ТЖМ құтқарушыларының араласуымен өлімнен аман қалды, деп жазады Egemen.kz.

Алакөлде патрульдеу кезінде екі адам құтқарылды

Абай облысы, Мақаншы ауданы аумағында орналасқан Алакөл көлінде Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері екі демалушыны құтқарғаны айтылды. SUP тақтасында серуендеп жүрген адамдар ескегін жоғалтып, жағадан 600 метрге алыстап кеткен. Өз бетімен қайта оралуға мүмкіндіктері болмаған.

Құтқарушылар оларды уақытылы байқап, жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған министрлік хабарламасында.