Қоғам • 16 Шілде, 2025

29 гидротехникалық нысан жан-жақты зерттеліп жатыр

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп, 42 нысан бойынша қауіпсіздік декларацияларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

29 гидротехникалық нысан жан-жақты зерттеліп жатыр

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Облыс әкімдіктері қазіргі уақытта 19 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде Ақмола, Маңғыстау, Павлодар облыстарындағы үш нысанда жұмыстар аяқталса, ШҚО, БҚО, СҚО аумақтарында зерттеу жалғасып жатыр.

Су саласын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде биыл әкімдіктер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, яғни 10 облыста 105 гидротехникалық нысанды зерттеуді жоспарлап отыр.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың айтуынша жалпы 2028 жылдың соңына дейін 557 гидротехникалық нысанға зерттеу жүргізу жоспарланған.

«Көпфакторлы зерттеу объектінің және оның жабдықтарының техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін нақтылауға мүмкіндік береді. Былтыр сала министрлігі 14 облыста 84 нысанда көпфакторлы зерттеу жүргізді. Бұл жоспарланғаннан да артық», деді Е.Ибрайханов.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше