
Такахаши Жапония картасында «Marry me» («Маған тұрмысқа шық») деген сөз бен жүрек бейнесін арнайы GPS құрылғысының көмегімен салып, сүйіктісіне ұсыныс жасаған. Ол жаяу, көлікпен, велосипедпен кей жерлерде пароммен қозғалып, қозғалыс маршрутын алдын ала мұқият жоспарлаған. Жолcапар 2008 жылдың шілдесінде басталып, келесі жылдың қаңтарында аяқталған. Бұндай романтикалық әрі инновациялық әрекеті үшін Ясуши Такахаши Гиннестің рекордтар кітабына еніп, «әлемдегі ең үлкен GPS-сурет авторы» атанған.