Медицина • Бүгін, 15:11

Жыл басынан бері 1200-ден астам адамнан туберкулез анықталған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елімізде қауіп тобындағы 600 мыңнан астам адам флюорографиялық зерттеп-қараудан өткен. Олардың  1 254-інен туберкулез анықталған, деп жазады Egemen.kz.

Жыл басынан бері 1200-ден астам адамнан туберкулез анықталған

Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы

Профилактикалық флюорографиялық зерттеп-қарау -  ересектердің арасында скринингтің тиімді әдістерінің бірі. Тексерудің арқасында патологияларды уақтылы анықтауға және пациенттерді қосымша зерттеп-қарауға және емдеуге жіберуге болады.

Жаңа туған нәрестелерге БЦЖ егу туберкулездің алдын алудың маңызды бөлігі. 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша перзентханада 158 776 бала (94,5%) БЦЖ вакцинасын алған. 1 жасқа дейінгі учаскеде тіркелген жері бойынша тағы 3 764 бала егілген. Осылайша, ел бойынша бір жылға дейінгі балаларды БЦЖ вакцинациясымен қамту 97,01%-ды құрап отыр. (ДДҰ стандарты 95%-дан кем емес).