
Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, жоба 2026 жылғы 30 маусымға дейін пилоттық режимде жүзеге асырылады. Осы уақыт аралығында жүйе сынақтан өтіп, техникалық және құқықтық тетіктері жетілдіріледі.
Цифрлық құжат айналымын дамыту бағытындағы бұл қадам халықтың уақыты мен ресурсын үнемдеуге бағытталған. Бұрын жүргізуші куәлігін алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барып, кезек күту қажет болса, енді бар процесс бірнеше минут ішінде смартфон арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету және оларды азаматтарға ыңғайлы ету бағытында министрлік бұдан әрі де жаңашыл қадамдар жасауды жоспарлап отыр. Болашақта жүргізуші куәлігіне қатысты бұл функцияларды банк қосымшаларына да енгізу көзделген.
Осылайша, жүргізуші куәлігіне қатысты негізгі қызметтер біртіндеп цифрлық кеңістікке көшіріліп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жаңа деңгейге көтерілмек.