Қазақстан • Бүгін, 13:00

Су мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі су саласының 31 маманы Қытайға екі апталық курсқа аттанды. Еске салайық, бұған дейін аталған көршілес елде сәуір және мамыр айларында 30 адамнан тұратын екі топ білім алғаны мәлім, деп жазады Egemen.kz.

Су мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға  аттанды

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Оқу қаражаты – Қытай тарапынан ұйымдастырылып жатыр, оған ҚР-ның мемлекеттік бюджетінен қаражат бөлінбеген. Жалпы биылғы жылы Қытайда отандық су саласының 121 маманы біліктілігін арттырады.

Қазіргі уақытта сала министрлігі Қытаймен бірлескен оқыту бағдарламасын жалғастыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимовтың айтуынша үшінші топтың құрамында су саласының 31 маманы Қытайға су ресурстарын басқару және ағынды суларды тазарту тақырыбындағы курсқа аттанды.

«Бұл оқулар Президент Жолдауында айтылған, су саласына білікті мамандарды жүйелі түрде дайындау қажеттілігіне байланысты қолға алынған шаралардың бірі», деді А.Абдраимов.