
Фото: gov.kz
Штабта Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті, әкімдіктің, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері, банк қызметкерлері, салық органдары және базар әкімшілігі кезекшілік етеді. Штаб аясында «Биг Шанхай» базарының зардап шеккен жалға алушылары, кәсіпкерлері және жұмысшылары бизнесін қалпына келтіру, жалдау, салықтық және банктік міндеттемелер бойынша кеңес ала алады.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің салық төлемдері мен банктік міндеттемелерін кейінге шегеру мәселесі қарастырылып жатыр. Сауда орнындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі банктер мен қаржы ұйымдарына жіберіліп, қолдау шараларын ары қарай қарау жоспарланып отыр.
«Биг Шанхай» базарының директорының айтуынша, алдағы бірнеше күн ішінде зардап шеккен барлық кәсіпкерге баламалы сауда орындарын ұсыну мәселесі шешіледі.
Штаб «Anuar» супермаркетінің 3-қабатында, Алаш тасжолы, 30а мекенжайында орналасқан. Ақпарат және кеңес алу үшін колл-орталық жұмыс істейді: «Биг Шанхай» базарының әкімшісі:+7 778 141 83 13, Тоғжан.
Астана қаласының әкімдігі кәсіпкерлердің тек ресми штабқа жүгінгені жөн екенін, себебі барлық нақты әрі шынайы ақпарат сонда айтылатынын хабарлады.