Қоғам • Кеше

Болмаған алаяқтық

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атбасар ауданының тұрғыны қаржылық қиындықтан шығаратын өзгеше жол ойлап тапқан, деп жазады Egemen.kz.

Болмаған алаяқтық

Әлгі әйел полиция бөліміне келіп, алаяқтардың құрбаны болғанын айтып шағымданады. Айтуына қарағанда, өзінің қатысуынсыз әлдебіреулер үлкен көлемде несие рәсімдеген. Банк қызметкерлері мен шағын қаржы ұйымы қаржысын талап етіп, қоңырау шала бастағанда ғана білдім  дейді.

Полиция қызметкерлері іле тексеріс жүргізген. Кейін белгілі болғанындай барлық несиелерді әйелдің өзі рәсімдепті. Алған қаржыны өз басына жаратқан. Сөйтіп, алаяқтарға алдандым деп өтірік айтқан әйелдің өзі әділ заңның алдында жауап беретін болып отыр.    

Ақмола облысы,

Атбасар ауданы.