Ресми дерекке жүгінсек, мал шаруашылығын дамыту мақсатында 240 жобаға несие берілсе, жылыжай кешендерін салу үшін 33, басқа бастамаларды қолдау үшін 430 жобаға несие қарастырылды.
Осы жылы бағдарламаны іске асыруға 5 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаржы 25 ауыл шаруашылығы кооперативі мен 450 жеке кәсіпкерді қолдауға бағытталып, 525 жаңа жұмыс орны құрылмақ.
Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны Марат Алғашбек мемлекеттік бағдарлама аясында 9 млн 200 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, газоблок шығаратын өндірістік цех ашты. Жоба шеңберінде бірнеше жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Қазіргі кезде кәсіпкер өндіріс көлемін арттыруға ден қойып отыр. Ол пластик терезе мен есік жасау ісін де мықтап қолға алған. Айтуынша, ауыл тұрғындары тарапынан сұраныс жоғарылаған.
Ресми дерекке сенсек, Т.Рысқұлов ауданында «Ауыл аманаты» жобасы 5 ауылдық округте жүзеге асырылуда. Жоба аясында 847 азамат жеке кәсіпкер атанып, 863 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Жамбыл облысы