Оқиға • Бүгін, 14:16

Атыраудағы «Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты таратқан ақпаратқа қарағанда, құстардың өлексесі Шалыга аралында анықталған, деп жазады Egemen.kz.

Атыраудағы «Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды

Фото: Рахим Қойлыбаев

«Резерват аумағында 16 шілдеде бақылау-мониторинг жұмысы жүргізілді. Сол күні №61 кварталдағы Шалыга аралында құстардың өлексесі табылды. Ал 18 шілдеде Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының маманымен бірге тексерілді. Құстардың өлімінің нақты себебі анықталып жатыр», деп хабардар етті резерваттан.

Әзірге қанша құстың өлгені нақтыланбады. Алайда резерват қызметкерлері күнделікті бақылау жұмысын жүргізуді қолға алды.