
Фото: Turizm jane sport ministrligi
Күрес: Будапешт (Мажарстан) шаһарында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial турнирінде отандастарымыз 2 күміс, 5 қола медаль иеленді.
Триатлон: Малайзияның Кампар қаласында жастар арасындағы Азия кубогінде Қазақстан құрамасы 1 алтын және 1 күміс медаль еншіледі.
Стенд ату: Италияның Тоди қаласында GREEN CUP турнирінде отандық мерген Максим Почивалов «скит» жаттығуы бойынша жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алды.
Теннис: Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында ATP 250 санатындағы турнирде топ жарды. Ол финалда дүниежүзілік рейтингте 109-орында тұрған аргентиналық Хуан-Мануэль Серундолоны ұтты.
Кәсіпқой бокс: Вашингтонда (АҚШ) отандасымыз Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO) филиппиндік Джеймс Бэконді (26-5, 17 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.