
Фото: pixabay.com
Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде шетелдік азамат ретінде танысатын алаяқтар махаббат пен сенімге мұқтаж жандарды арбап, алдымен жылы сөздер айтып, жақын араласуға тырысады. Кейінірек түрлі сылтаумен көмек сұрап, қаржы аударуды өтінеді.
Мысалы, Астана қаласының бір тұрғыны интернет арқылы танысқан адамына сеніп, 9 миллион теңгеден астам ақшасынан айырылған.
Министрлік азаматтарға алаяқтық белгілерін ажырата білуге кеңес береді. Атап айтқанда:
-
Тым тез білдірілетін сезім мен үйленуге қатысты ұсыныстар;
-
Видеоқоңырауға шығудан немесе кездесуден бас тарту;
-
Өміріндегі ауыр жағдайлар туралы айтып, аяушылық тудыру;
-
Ақша, құжат немесе бағалы заттарды жіберуді сұрау.
«Бөгде адамдарға сеніп, қаржы аударуға асықпаңыздар. Күмәнді жағдай туындаса, 102 нөміріне хабарласқаныңыз жөн», делінген министрліктің ресми ескертуінде.