
Фото: nippon.com
Сайлау нәтижесінде әйелдер 125 орынның 33,6%-ын иеленген.
Жалпы сайлауға 152 әйел кандидат қатысқан. Бұл 2022 жылғы рекордтық 181 үміткермен салыстырғанда аз болғанымен, бұл көрсеткіш үміткерлердің жалпы санының 29,1%-ын құраған. Айта кетейік, Жапония үкіметі 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 35%-ға жеткізуді мақсат еткен.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы әйел кандидаттардың үлесі 33,2% болып, ел тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткен еді.
Биыл әйел үміткерлердің 102-сі округтерден, ал 50-і партиялық тізім (пропорционалды жүйе) бойынша сайлауға түскен.
Kyodo News агенттігінің хабарлауынша, Жапония үшін әйелдердің саяси өкілеттілігін арттыру өзекті мәселе болып отыр. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2025 жылғы гендерлік теңсіздік индексінде Жапония 148 елдің ішінде 118-орынға жайғасты.