
Фото: Ашық дереккөз
Құжатқа сәйкес, стипендиялар келесі мемлекеттік органдар арасында бөлінді:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі:
– студенттерге – 1014 стипендия,
– магистранттарға – 5 стипендия;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
– студенттерге – 17,
– магистранттарға – 1;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
– студенттерге – 4,
– магистранттарға – 1;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
– студенттерге – 45,
– магистранттарға – 1.
Осылайша, 2025 жылға жалпы 1080 стипендия студенттерге, ал 8 стипендия магистранттарға бөлінді.
Ережеге сәйкес, Президент стипендиясы студенттерге 3-ші курстан бастап, ал магистранттарға 2-ші оқу жылынан бастап тағайындалады.
Аталған бұйрық 2025 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, бұған дейін елдегі үш шығармашылық ЖОО арасында Мемлекет басшысының 18 стипендиясы бөлінген еді.