
Ең жоғары жалақы тіркелген өңір – Атырау облысы, мұнда орташа жалақы 634,2 мың теңге. Екінші орында Маңғыстау облысы тұр (621,3 мың теңге). Үшінші орынды Ұлытау облысы (599 мың теңге) иеленді.
Керісінше, ең төменгі жалақы деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 300,1 мың теңге. Сондай-ақ, Жетісу облысында (308,4 мың теңге) және Жамбыл облысында (308,9 мың теңге) да көрсеткіштер елдегі ең төменгі деңгейлердің қатарында.
2025 жылдың алғашқы тоқсанында нақты жалақы индексі 101,2%-ды құрады. Бұл инфляцияны ескере отырып, жалақының сатып алу қабілетін көрсететін маңызды индикатор. Аталған индекс еліміз бойынша орташа есеппен 1,2%-ға өссе де, бірқатар өңірлерде төмендеу байқалған. Атап айтқанда:
• Батыс Қазақстан облысында нақты жалақы 5,2%-ға төмендеген;
• Атырау облысы – 3,9%;
• Шығыс Қазақстан – 1,9%;
• Қызылорда – 1,2%;
• Ақмола – 1,1%;
• Маңғыстау облысында – 0,8% төмендеген.
Сондай-ақ, шілде айынан бастап су саласында қызмет ететін мамандардың жалақысы 50%-ға дейін артатыны белгілі болды. Үкіметтің шешіміне сәйкес, бұл өзгеріс саланың еңбек нарығындағы тартымдылығын арттыру мақсатында қолға алынған.