Спорт • Бүгін, 12:57

Әртістік жүзуден ел құрамасы финалға бір қадам жетпей қалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 шілде Сингапурда басталған  су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Әлем біріншілігіндегі әртістік жүзуден жұптық сайыста қазақстандық спортшылар өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz. 

Әртістік жүзуден ел құрамасы финалға бір қадам жетпей қалды

Фото: olympic.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, еркін жаттығу бағдарламасында ел намысын Даяна Джаманчалова мен Ясмин Тұяқова қорғады.

Отандастарымыз іріктеу сайысында 228.2541 ұпай жинап, 13-орынға табан тіреді. 

Финалдық кезеңге үздік шыққан 12 жұп қана өтетін болғандықтан, отандастарымыз финалға бір қадам жетпей тоқтады.