Қоғам • Кеше

«Саламатты Қазақстан»: ауылға қолжетімді көмек

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде жасақталған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қостанай облысының «Денисовка» стансасына келді.

«Саламатты Қазақстан»: ауылға қолжетімді көмек

Сурет: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Әртүрлі бейіндегі 30 медицина қызмет­керінен тұратын команда құрамында терапевтер, хирургтер, педиатрлар, кардиологтер, невропатологтер, ЛОР дәрігерлері, офтальмологтер, стоматологтер, гинекологтер, урологтер, психологтер және функционалдық диагностика мамандары бар. Сондай-ақ емделушілерге  ЭКГ, флюорография, гастроскопия, зертханалық зерттеулер де қолжетімді. Қажет болса, шағын хирургиялық ем-дом жасауға мүмкіндіктері бар. Маршрутпен қамтылған елді мекендердің тұрғындары медициналық сақтандырудың болуына қарамастан тегін кеңес пен диагностикалық тексерулер жасата  алады.

Бұл жобаның мақсаты – ауыл тұрғын­дарын сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Жоба Денсаулық сақтау министр­лігінің, «Samruk-Kazyna Trust» қорының, сондай-ақ Президен­т жанын­дағы Әйелдер істері және отба­сылық-демо­графиялық саясат жөнін­дегі ұлт­тық комис­сияның қолдауымен іске асырылып отыр.

Пойыз «Денисовка» стансасында бірнеше күн аялдайды, одан соң маршрут бойынша Қостанай облысының басқа аудандарына сапарын жалғастырады.