Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

«Наурыз» және «Отау» бағдарламаларына 220 млрд теңге бөлінді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев 5,5 мың жас азаматтың жаңа үй алғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Наурыз» және «Отау» бағдарламаларына 220 млрд теңге бөлінді

Фото: depositphotos.com

«Сондай-ақ жастарды қолдау мақсатында да кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде негізгі мәселе – жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. «Наурыз» және «Отау» тұрғын үй бағдарламаларына бюджеттен 220 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 5,5 мың жас жаңа үй алды», деді Ермек Көшербаев. 

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары биыл жұмысшы жастарды демеу үшін «Наурыз жұмыскер» банк өнімі іске қосылғанын атап өтті. Облыстарда жас мамандарға арналған өңірлік ипотекалық бағдарламалар жастарға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Үкімет бұл жұмыстарды әрі қарай жүйелі түрде жалғастыратын болады.