
Фото: Ашық дереккөз
Мейірман Шекеевтің мәліметінше, Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот отырысы 2025 жылғы 18 тамыз күні сағат 11:00-де Алматы облысы сотының ғимаратында өтеді.
«Думан Ысқақ бірінші сатыдағы соттың үкімімен тағайындалған жазаны толық өтеп болғандықтан, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі қаулысымен оған қатысты бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды», деді Мейірман Шекеев.
Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.