Заң • Кеше

Перизат Қайрат пен анасына сот үкімі шықты

40 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот үкімі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Перизат Қайрат пен анасына сот үкімі шықты

Фото: Ашық дереккөзден

Қылмыстық қудалау органы  Перизат Қайрат пен оның анасын алдын ала сөз байласу арқылы топ болып, бірнеше рет аса ірі көлемде жасалған алаяқтықтың үш эпизоды (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы), сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (ҚК 218-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы және 3-бөлігінің 3-тармағы) бойынша айыптаған.

Сот процесінде ұсынылған барлық дәлелдемелер жан-жақты зерттелген.

Сотталушы Перизат Қайраттың өтініші бойынша кейбір дәлелдемелері және оның ішінде жауаптары жабық сот отырысында қаралды.

Сотта 2021 жылғы 4 қазанда Перизат Қайрат жалған құрылтай құжаттарын жасап, атауы заңды түрде жұмыс істейтін «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорына ұқсас «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тіркегені анықталды.

Перизат Қайрат анасымен бірге алдын ала сөз байласу арқылы әрекет етіп, азаматтарды мұқтаж жандарға, соның ішінде су тасқынынан зардап шеккендер мен Палестина халқына көмек көрсету мақсатында қаражат жинауға шақырған.

Осылайша, 2021 жылғы қарашадан 2023 жылғы қазанға дейін айыпталышылар оңалту орталығын салу, мүгедек балаларға көмек көрсету және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру сылтауымен 126,7 млн теңгені алаяқтық жолмен жинап, иеленген.

2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы сәуірге дейін Палестина халқына көмек көрсету сылтауымен 559,1 млн теңгені заңсыз иеленген.

2024 жылғы 1 сәуірі мен қараша аралығында Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілген кезде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету сылтауымен 2,8 млрд теңге көлемінде қаражат жинап, иемденген.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 3,5 млрд теңгені құраған.

Жиналған қаражаттар «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігінің шотына түскен соң, Перизат Қайрат оларды өзі мен анасының жеке шоттарына аударған.

Олар қылмыстық жолмен алынған кірістерді гүл бизнесін сатып алу және жалған мәмілелер жасау арқылы заңдастырған.

Сонымен қатар, айыпталушылар ұрланған ақшаны қымбат жылжымайтын мүлік, автокөліктер, әшекейлер, киім-кешек, жиһаз сатып алуға, демалыстар мен жөндеу жұмыстарының ақысын төлеуге жұмсаған.

Сот тергеуінің нәтижесінде Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева өздеріне тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, олардың кінәлары жәбірленушілер мен куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденген.


Мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайратқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, анасына 8 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жазаны тағайындауды сұраған болатын.

Сотталушылар кінәларын мойындамай, өздерін ақтауды сұраған.

Сот ҚК 190-бабының 4-бөлігі мен 218-бабының 3-бөлігінің санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді және ауыр қылмыстар санатына жатады.

Сот бұл қылмыстардың ерекше арсыздықпен жасалғанын атап өтті.

Олар қазақстандық қоғамның төзімділік пен мұқтаж жандарға жанашырлық сияқты іргелі құндылықтарына нұқсан келтіріп, азаматтарда қайырымды істердің қажеттілігіне деген күмән тудырған.

Жаза мен жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың төтенше жағдай кезінде жасалуы айтылды.

Ал жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын өтелмеген.

Осыны ескере отырып, сот Перизат Қайратқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, Ғайни Алашбаеваға 7 жыл бас бостандығынан айыру (оның қарт жасын ескере отырып) жазасын тағайындауды әділетті деп санады.

Сот үкімімен айыпталушылар 10 жыл мерзімге қайырымдылық қаражаттарын жинаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды (заңда көзделген ең ұзақ мерзім).

Сот «Vela Village» коттедж қалашығындағы жеке үй, «Akbulak Riviera», «Sensata Plaza», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен тұрақ орындары, «Mercedes-Benz S450» 2024 ж., «Lexus LX 600» 2024 ж. сынды мүліктерін ұрланған қаражатқа сатып алынғанын атады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше