Оқиға • Кеше

Қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері аудандық мәслихат төрағасына жасалған қарақшылық шабуылды әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz сайтының хабарлауынша 15 шілдеде бетперде және капюшон киген екі ер адам Астраханка ауылында ерлі-зайыптылардың үйіне кіріп, аңшы мылтығымен қорқыту арқылы қарақшылық шабуыл жасаған. Шығын төрт миллион теңгеден астам. Олар жәбірленушілерді байлап, үйлерінің жертөлесіне қамап кеткен.

ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті үш адам ұсталған.«Олардың екеуі Жамбыл облысының, бірі Түркістан облысының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет осындай қылмыстар үшін сотты болған.Тінту барысында жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар тәркіленді», деді Қ.Нұрмағамбетов.

Қазіргі уақытта үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған, тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше