Ауа райы • Бүгін, 09:22

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстікте жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауып, таңертең тұман түседі. Ал еліміздің Оңтүстігінде шаңды дауыл болжанған, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото: gov.kz

Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстарында күн райы ыстық болады. Еліміздің оңтүстік-батысында ауа райы ашық болады. Елдің оңтүстік және батыс бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында қатты жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Астанада көшпелі бұлт шығады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғып, күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік - батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 12 + 14 °, күндіз + 27 + 29 ° болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 23 + 25 °, күндіз + 33 + 35 ° болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаумайды. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 21 + 23 °, күндіз + 34 + 36 ° болады.