Спорт • Бүгін, 12:15

Жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді - Елдос Сметов

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзінің Instagram парақшасында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, өз жетістігін қайталауға ниетті екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді - Елдос Сметов

Фото: Ашық дереккөз

«Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Бүгін мен үшін тарихи күн де келіп жетті. Осыдан тура 1 жыл бұрын арманыма қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиаданың әрқайсысының орны бөлек. Бірақ Париж Олимпиадасының алтыны ардайым биік болып қала береді», деп жазды спортшы.

Сметов бұл жеңістің артында орасан еңбек пен маңдай тер тұрғанын атап өтті. Ол Олимпиада алтынын барлық жетістігінің шыңы деп бағалайды.

«Қаншама маңдай тер мен еңбектің ақталған күні. Барлық марапатымның шыңы. Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн. Арманға жету жолында біз көп нәрседен бас тарттық, көп нәрсені тәрк еттік, көп тәуекелге бардық», деп жазды дзюдошы.

Ол барлық спортшыларға дәл осындай жеңісті армандап, соған жетулеріне тілектестік білдірді.

«Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн. Арманға жету жолында біз көп нәрседен бас тарттық, көп нәрсені тәрк еттік, көп тәуекелге бардық. Дәл осындай қуанышты, дәл осылай арманды барлық спортшы бағындыруына тілектеспін! Олимпиада алтынынан кейін ғана мен өмірімді өзіме, отбасыма, жақындарыма арнай бастадым. Париж алтыны біз алмайтын қамал жоқ екенін көрсетті. Дәл осы жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді. Иншалла, келесі төрт жылдықтың басты додасында осы эмоцияны сыйлау үшін бар күшімді саламын», деп бөлісті Сметов.

Естеріңізге сала кетейік, Елдос Сметов Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жетіп, чемпион атанған еді.