Заң • Бүгін, 14:40

Банк картасын үшінші тұлғаға бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыру бағытында ҚР қылмыстық заңнамасына маңызды өзгеріс енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Банк картасын үшінші тұлғаға бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Фото: profit.kz

Кейінгі жылдары алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланып жүр. Ал зардап шеккендер көп жағдайда қылмысқа қатысушы екенін түсінбей жатады.

«Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді», делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.  

Сондықтан ведомство ешқашан банктік деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге, картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы «оңай ақша табуға» келіспеуге, күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.