Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

6G сынақтан өтті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың 6G желісі рекордтық жылдамдық көрсетті. 50 ГБ небәрі 1,4 секундта жүктелді.

6G сынақтан өтті

Әлем әлі 5G желісін толық меңгеріп үлгермей жатқанда, Қытай келесі буындағы байланыс технологиясына қадам басып үлгерді. «China Mobile» телекоммуникациялық компаниясы 6G технологиясын сынақтан өткізу барысында желі жылдамдығы 280 Гбит/секундқа дейін жеткенін хабарлады. Бұл дегеніміз 50 гигабайттық файлды небәрі 1,4 секундта жүктеуге болады деген сөз.