
фото: mail.kz
Атырау облысының прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, «Теңізшевройл» ЖШС 2023 жылдың 3 және 4 тоқсанында, сондай-ақ 2024 жылдың 1 және 2 тоқсанында атмосфераға экологиялық рұқсат етілген нормалардан тыс 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарған.
«Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталғаны анықталды. Осыған байланысты прокурордың қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотпен 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл шешім заңды күшіне енді. Аймақта атмосфералық ауаның ластануы – өзекті мәселелердің бірі. Прокуратура бұл бағыттағы қадағалау жұмысын тұрақты түрде жүзеге асырып келеді», деп хабарлады облыстық прокуратурадан.