Фото: Ашық дереккөз
Ширек финалда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 24-орында тұрған франциялық Артур Риндеркнешті үш сет қорытындысы бойынша жеңді. Кездесу 5:7, 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.
Осы жеңістен кейін Бублик пен Риндеркнеш арасындағы жеке кездесулердегі есеп 2:2-ге теңесті.
Матч 1 сағат 54 минутқа созылды. Ойын барысында Александр сегіз эйс жасап, үш рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Тарихи жетістік: Үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жаңа белесті бағындырды
Финалға шығу үшін қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 20-орында тұрған америкалық Лёрнер Тьенмен кездеседі.
Ал екінші жартылай финалда норвегиялық Каспер Рууд пен аргентиналық Мариано Навоне финал жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, 2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді.