Оқиға • Бүгін, 11:58

Танымал спортшы Қуат Хамитов Атырауда жауапқа тартылды

1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында өтетін Batyr Fighting Championship турнирі алдында аралас жекпе-жек спортшысы Куат Хамитов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Танымал спортшы Қуат Хамитов Атырауда жауапқа тартылды

Фото: @batyr_fighting

Оқиға әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін белгілі болды. Видеода Toyota Camry көлігінің жолаушылары қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпай, қауіпті әрекет жасаған.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде екі жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ Ford Mustang көлігін басқарған 38 жастағы жүргізуші, яғни Куат Хамитов, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

«Аталған құқықбұзушылықтар үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көрсетілген заң бұзушылықтарға жол берген 20 жастағы көлік жүргізушісі де әкімшілік жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, Ford Mustang автокөлігін басқарған 38 жастағы жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген Атырау облысы полиция департаментінің хабарламасында. 

Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?

Видео алғашында Batyr Fighting Championship турнирін ұйымдастырушылардың Instagram парақшасында жарияланып, кейін өшірілген. Кадрларда Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрының актрисасы Лашын Нүркенқызы қозғалыста келе жатқан жеңіл көліктің терезесінен денесін шығарып, Куат Хамитовты қарсы алып тұрғаны көрінеді.

Жекпе-жек шебері жазаның әділ тағайындалғанын айтып, бейнежазбаның жарнамалық мақсатта түсірілгенін жеткізді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қуат Хамитов ресейлік Александр Шлеменкомен жекпе-жек өткізіп, жеңіліс тапқан еді. 

Соңғы жаңалықтар