Заң • 30 Шілде, 2025

Бишімбаевтың інісіне жаза жеңілдетілді

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Степногорск қалалық соты Бақытжан Байжанованың Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы өтінішін қанағаттандырды, деп жазады Egemen.kz.

Бишімбаевтың інісіне жаза жеңілдетілді

Фото: Ашық дереккөзден

Бақытжан Байжанов 2024 жылы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірген аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін айыпталған еді. Сот үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Өтініш қанағаттандырылған соң енді ол 1 жыл 4 ай 17 күннен кейін бостандыққа шығады.