
фото: gov.kz
Күдікті сауда орталығындағы зергерлік бұйымдар сататын дүкенге кіріп, сатушыдан сақиналарды көрсетуді сұрайды. Бұйымдарды мұқият қарап шыққан соң, сатушыны алаңдатып, алтындарды жымқырып, оқиға орнынан із суытқан. Келтірілген шығын 200 мың теңгеден асады.
Қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталған 29 жастағы азамат Атырау қаласының тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында бұрын сотты болған оның осыған ұқсас тағы екі ұрлыққа қатысы бары анықталды.