Спорт • 30 Шілде, 2025

Тарихи жетістік: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тбилиси (Грузия) қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Ұлттық құрама тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарихи жетістік: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Фото: Qazsporttv

Үшінші орын үшін Франция құрамасымен кездескен отандастарымыз 45:31 көрсеткішімен жеңді.

Осылайша, семсерлесуден әлем чемпионатының командалық жарысында Қазақстан алғаш рет жүлдегер атанды.

Командалық сайыста ел намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов, Кирилл Проходов қорғады.