
Маңғыстау өңірлік туризм басқармасының қолдауымен журнал редакциясы дайындаған басылымның арнайы санында еуропалық аудитория Бозжыра шатқалы, Шерқала тауы, Тұзбайыр, алып шарлар аңғары, Каспий теңізі жағалауы, сондай-ақ өңірдің киелі орындары және мәдени мұрасымен танысты.
Материал әдемі фотосуреттермен, өлкенің табиғи және тарихи ерекшеліктерін айқындайтын авторлық сипаттамалармен толықтырылған. Маңғыстау облыстық туризм басқармасы «VIAJAR» журналында Маңғыстау облысының таныстырылуы – еліміздің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі деп түсіндіреді. Айтуларынша, бұл шетелдік туристерді тартуға, өңірдің имиджін қалыптастыруға және Еуропа нарығымен туристік байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Ал 1978 жылы негізі қаланған «VIAJAR» – Испаниядағы ең алғашқы және көне саяхат журналы саналады. Аудиториясы Испаниямен қатар Латын Америкасы елдері мен Еуропа туристік қауымдастығын қоса қамтитын басылым 45 жылдан аса уақыт бойы оқырмандарына сапалы репортаждар, авторлық бағыттар мен қызықты материалдар ұсынып келеді. Енді «VIAJAR» арқылы Маңғыстауды таныған туристер киелі өлкеге ат басын бұратыны сөзсіз.
Маңғыстау облысы