Ғалам ғажаптары • Кеше

Ешкімге керексіз жер

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бир-Тавиль – Мысыр мен Судан арасындағы ешкім иелік етпейтін жалғыз жер.

Ешкімге керексіз жер

Екі елдің арасындағы шекара дауына байланысты бұл аймақ иесіз қалған. Судан мен Мысыр Халаиб деген құнарлы өңірге таласады да, Бир-Тавильге ешқайсысы қызықпайды. Себебі – шөлі көп, суы жоқ, тіршілікке қолайсыз. Аумағы – 2060 шаршы шақырым. Мұнда қала да, тұрақты халық та жоқ. Кейбір адамдар оны «мемлекет» қылып жариялап, өздерін патша деп атаған, бірақ олардың ешқайсысы ресми мойындалмаған.