Үкімет • 30 Шілде, 2025

Сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аграрлық секторды тұрақты түрде сумен қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын іске асыру аясында Үкімет резервінен Қызылорда облысының қажеттіліктері үшін 53 жылжымалы дизельді сорғы стансасын сатып алуға шамамен 1 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлді

Сурет: tolqyn.kz

Мамандардың есебінше, жаңа жабдық магистралды арналарда су деңгейі төмен болған күннің өзінде 6 мыңнан астам гектар жерді суарып тұруға мүмкіндік береді. Сор­ғы стансалары магистралды және шаруашы­лықтар аралығындағы арналардан ішкі шаруа­шы­лық желілеріне су жіберуге қолданылады.

Өңірде 126,4 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген, оның 82,4 мың гектары күріш. Ағымдағы суару маусымында жоспарланған су көлемі 2,5 млрд текше метр құрайды.

Облыс әкімдігі «Қазсушар» РМК-ның Қы­зыл­орда филиалымен бірлесе арнайы мо­ни­торинг тобын жасақтап, Сырдариядан ке­ліп жатқан су көлеміне сәйкес, бес магист­рал­ды және үш шаруашылықтар аралы­ғын­дағы арналарға су беру кестесін әзірлеп, бекітті.

Қызылорда облысының агроөнеркәсіп­тік кешені трансшекаралық су ресурстарына тікелей тәуелді екенін ескере отырып, өңірді тұрақты түрде сумен қамтама­сыз етіп, астық өнімділігі әрі азық-түлік қауіп­сіз­дігін сақтау – мемлекеттің басты міндеті болып қалады.