Экономика • Кеше

Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттауы мүмкін

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкіметте өтіп жатқан баспасөз конференциясында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жанармай бағасын көрші мемлекеттермен теңестіру жоспарланып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттауы мүмкін

Фото: kolesa.kz

Роман Скляр бұл қадам жанармайдың сыртқа сатылып кетпеуі үшін жасалатынын түсіндірді. 

«Ішкі өндірісті ұлғайту жоспарына келсек, Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезегін салу жоспарланып отыр. Бұл Шымкентте мұнай өңдеу көлемін 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Павлодар және Атырау зауыттарының қуатын арттыру бағытында іс-шаралар қолға алынады», деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Қазақстанда жылына 85-90 млн тонна мұнай өндіріледі. Бұл ретте елімізде сұраныс ұсыныстан асып түседі.

Бұл мәселені шешу үшін 2017-2019 жылдар аралығында үш қазақстандық мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау сәтті аяқталды, бұл өндіріс көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік берген. Бұл 2019 жылға қарай бензин, дизель және авиакеросин тапшылығын тоқтатты.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының айтуынша, тұтынудың артуына байланысты авиакеросинді әлі де импорттауға тура келеді. Сонымен қатар көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда бензин мен дизель отынының төмен бағасы олардың заңды және контрабандалық жолдармен кетуіне әкеліп соғады, бұл ішкі тапшылықты тудырады.