
Фото: Ашық дереккөз
«Авиация саласында мұндай қайғылы оқиғалар жиі тіркеліп жатады. Мұндай апаттарды жан-жақты зерттеп, нақты қорытынды жасау оңай емес. Қазіргі таңда тергеуге қажетті барлық құжаттар дайындалып жатыр», деді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Сауранбаев «Bek Air компаниясына қатысты қылмыстық іс қайта қозғала ма?» деген сауалға қысқа ғана «иә» деп жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Fokker-100 ұшағы ұшу кезінде апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапқан еді. Ұшақ радардан жоғалып, кейін екі қабатты тұрғын үйге соғылғаны анықталған. Оқиғадан кейін компанияның барлық ұшақтарының қызметі тоқтатылған болатын.