Оқиға • Кеше

Аттракцион сынып, 23 адам жарақат алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясының Эт-Таиф қаласына жақын орналасқан Хада ауданындағы Green Mountain Park ойын-сауық кешенінде төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Oxu.Az Khaleej Times басылымына сілтеме жасап.

Аттракцион сынып, 23 адам жарақат алды

Фото: Видеодан алынған кадр

«360 градус» деп аталатын аттракционның құрылымы қақ ортасынан сынып, салдарынан кемінде 23 адам түрлі жарақат алған.

Бейнежазбадан аттракционның сынып, ондағы кабинаның бір бөлігінің жерге құлап түскені және адамдардың қорыққан дауыстары анық естіледі.

Жарақат алғандар дереу медициналық мекемелерге жеткізілген. Қазіргі уақытта олардың жағдайы нақты анықталып жатыр.

Оқиғаның себептері бойынша тергеу басталған.