Саясат • 31 Шілде, 2025

Біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу жалғасады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысты жиын өткізді.

Біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу жалғасады

Жиында білім беру мекеме­леріндегі тәрбие жұмысының мазмұнын байытуға және оның сапасын арттыруға мүмкіндік беретін тәсілдер мен ұстанымдар талқыланды.

Басқосуда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының басшысы Нәзипа Аюбаева баян­дама жасады.

Мемлекеттік кеңесші педагогтердің алдағы Тамыз кеңесінде мектептердегі тәрбие жұмысын одан әрі жетілдіруге арналған тақырыптық алаңдар ұйымдастыруды тапсырды.

Бұл ретте Ерлан Қарин тәрбие жұмысына жан-жақты қарап, мемлекет, мектеп және ата-ана бірге атсалысуы қажет екеніне назар аударды. Сонда ғана бұл жұмыс табысты болады.

Жиын соңында мемлекеттік органдарға барлық білім беру мекемелеріне біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу жұмысын жалғастыру туралы тапсырма берілді.