Спорт • 01 Тамыз, 2025

Астанада автожарыс басталды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «ASTANA DIRT SERIES» кубогы автожарысының алғашқы кезеңі басталды. Бұл дода үш кезеңнен тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада автожарыс басталды

Үзақ үзілістен кейін «Алаш» бойындағы автодром қайта жанданып, техникалық спортты серік еткен жанкүйерлердің демалысы думанға айналды. Ал еліміздің солтүстік өңірлерінен келген 25 экипаж үшін алғашқы кезеңін шиеленісті тартысқа толы басталып, бұл жағдай жаңа маусымның оңайға соқпайтынын аңғартты.

Осы жарыс қарсаңында 10 жылға жуық қараусыз қалған қала шетіндегі автодромда қаулаған қурай шөп шабылып, жауын шайып кеткен жарыс жолдары қайта қалпына келтірілді. Бұл іске «KazMotorSport» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолдау білдіріп, сол мекеменің басшылары алдағы уақытта өзге де қордаланған мәселелерді шешу күн тәртібінде тұрғанын атап өтті.

Басты мақсат — мұндай жарыстарды келешекте дәстүрлі түрде өткізіп, елордалық жастардың техникалық спортқа деген қызығушылығын арттырып, отандық автоспортты дамытуға болып табылады.

Нұрпейіс ҚОНЫСБАЙ,

автомотоспорттан мемлекеттік жаттықтырушы

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025