Теннис • 01 Тамыз, 2025

Рыбакина Монреальдағы турнирдің төртінші кезеңіне өтті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында тұсауы кесілген WTA 1000 турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рыбакина Монреальдағы турнирдің төртінші кезеңіне өтті

Жүлде қоры  5 152 199 долларды құраған жарыстың алғашқы айналымында бос болған ол екінші кезеңде әлемнің 50 ракеткасы америкалық Хейли Баптисттен 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Одан кейін Рыбакина румыниялық Жаклин Кристианды қапы қалдырды – 6:0, 7:6. Төртінші айналымда жерлесіміз украиналық Даяна Ястремскаямен күш сынасады.

Юлия Путинцева дәл осы доданың тұсаукесер бәсекесінде қытайлық Ханьюй Гоға жол берді – 3:6, 3:6.