Білім • 01 Тамыз, 2025

Білім беру гранттарын тағайындайтын комиссия жұмысын бастады

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, деп жазады Egemen.kz

Білім беру гранттарын тағайындайтын комиссия жұмысын бастады

Фото: Ашық дереккөзден

Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.  Олар үміткерлердің өтініштерін қарастырады. Ары қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындайды. 

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға 113 мыңға жуық өтінім берілген. Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түскен. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, мұғалімдер, психологтар, дизайнерлер және заңгерлер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс болып отыр. 

Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025